#Талас: Ақсақалдар арасында бата сайысы жасалды

#Талас: Ақсақалдар арасында бата сайысы жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін мен дәстүр бағыты бойынша Талас ауданы Бостандық ауылы "Төртбай ата" мешітінің имамы Түзелбай Зулфухардың ұйымдастыруымен ауыл ақсақалдарының арасында бата жарысы ұйымдастырылды. Аталмыш жарыс өте қызықты әрі тартысты өтті.

Аузы дуалы ақсақалдардың ішінен жеңімпазды анықтау қиынның қиынына соқты. Әділ қазылардың шешімімен мешітіміздің ақсақалы әрі ауылымыздың ақылгөйі Әділхан қария бас жүлдені жеңіп алды. Қариямызға диплом әрі 50мың теңге сыйақы табысталды. Іс-шара соңында Түзелбай Зулфухар сөз алып, аталмыш шараның қазақи дәстүрімізді дәріптеуде аса маңызды екендігін әрі осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатындығын тілге тиек етті.

"Төртбай ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: