«Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген нақыл сөзі татулық пен бауырластықтың айғағы іспетті. Менің ойымша, бұл сөздің мағынасы кең әрі тереңде жатыр. Дегенмен, бірлік болу үшін, алдымен адамдарда ауызбіршілік пен татулық болуы қажет. Мұсылмандардың өмірлік тәжірибесінде «бірлік» сөзінің маңызы зор.
«Бірлік түбі - береке», «Алтау ала болса - ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса –төбедегі келеді» деген қазақ халқының нақыл сөздері бекер айтылмаған. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, көркем татулықтың көрінісі, ел болудың бірден-бір шарты. Ал бірлікті ыдыратып, күйретуші – күншілдік, араздық, іштарлық сияқты жаман қасиеттер де жоқ емес. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) адамзат баласын осындай теріс қасиеттерден бойларын аулақ салуға үндеген. Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Алланың жібінен мықтап ұстаңдар, ажырап бөлінбеңдер» (3:103).