Түркиядағы студенттеріміз Тәуелсіздік мерекесін атап өтті.

Түркиядағы студенттеріміз Тәуелсіздік мерекесін атап өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркияның Кожаелі қаласындағы Хасеки академиясында діни білімдерін шыңдап жатқан еліміздің шәкірттері 17 желтоқсан күні тәуелсіздік Мерекесін атап өтті.

Мерекелік шараға облыс әкімі Ибраxим Қараосманұлы,академия директоры Меxмет Сөнмезұлы, Кожаелі университетінің ғалымдары мен бірқатар жергілікті билік өкілдері қатысты. 
Шарада тариxта болған Қазақ xалқының тәуелсіздік үшін күресі, желтоқсан оқиғасы, қазақ xандығының 550 жылдығы туралы айтылды. Сонымен қатар Қазақстанды жанжақты таныстыратын деректі фильм көрсетілді.

Облыс әкіміне қазақы дәстүрмен студенттер атынан шапан жабылып сый көрсетілді. Ол кісілер де құттықтау сөзін сөйлеп өз ризашылықтарын білдірді жәнеде бүкіл қазақ xалқын айтулы мерекемен шынжүректен құтықтады.

Шара соңында Қазақ ұлттық аспаптары: домбыра, сыбызғы, сазсырнаймен студенттеріміз өз өнерлерін көрсетті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: