Хасан Ташайұлы жазғы діни сауат ашу курсының шәкірттерімен дидарласты

Хасан Ташайұлы жазғы діни сауат ашу курсының шәкірттерімен дидарласты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Дәстүрлі «Имани жаз – 2024» жазғы діни сауат ашу курсы биыл республика бойынша 10-маусым күні басталған болатын. Аталған мерзімнен бастап Жамбыл облысы бойынша қалалық, аудандық орталық және бірнеше ауылдық мешіттерде жазғы курсқа шәкірттер қабылдап, жұмысын бастап кетті. Курста ҚМДБ тарапынан әзірленген «Имандылық әліппесі» кітабы негізінде білім берілуде. Кітапта алғашқы діни мағлұматтармен қатар тәрбиелік маңызы бар ғибратты оқиғалар, қазақи тәлім-тәрбие, мақал-мәтелдер, ақын-жазушылардың өлең жолдарын да қамтыған.

Бүгін өңірге арнайы сапармен келген ҚМДБ-ның Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті жанынан ашылған жазғы сауат ашу курс шәкірттерімен кездесті. Курсқа қатысушы шәкірттерге білімнің маңыздылығы, ұлттық тәлім-тәрбие, ата-анаға, үлкенге құрмет және рухани тәрбие тұрғысында насихатты сөздерін айтып, оларға білімде табыс тіледі.

Сөз соңында Хасан Ташайұлы оқушыларға сұрақ қойып, арнайы курс үшін дайындалған «Имандылық әліппесі» кітабы бойынша балалардың білімін сынады. Балалар қойылған сұрақтарға жарыса жауап беріп, аз ғана күннің ішінде қаншалықты деңгейге жеткендерін көрсете алды.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: