#Меркіліктер Құрбан айт намазын оқыды

#Меркіліктер Құрбан айт намазын оқыды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты барлық мешіттерде күн көк жиектен көтеріле бастағанда ұлық болған «Құрбан айт» намазы оқылды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы мешітке жиналған жамағатқа «Құрбан айт» намазының маңыздылығы, қалай оқылатындығы туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Уақыт сағаты жеткенде жамағатқа имамдық етіп айт намазы мен құтпасын оқыды. Намаз соңында аруақтарға арналып Құран бағышталды.

Мешіт ауласына айттық дастархан жайылып, қой көтеруден жарыс ұйымдастырылды. Жеңімпазға сол қойды сыйға тартты. Сонымен қатар, намаздан кейін айт намазына келген жас  балаларға  500 дана балмұздақ таратылды.

Намаздан соң Алланың разылығын үміт етіп құрбандықтар шалынды. Құрбандық  еттері үшке бөлініп, ауданға қарасты жағдайы төмен отбасыларға еріктілердің атсалысуымен үй-үйге таратылды.

Көмек алған отбасылар ризалықтарын білдіріп алғыстарын айтты. Барша мұсылман қауымына «Құрбан айт» мерекесі құтты да баянды болсын! Ниеттеріңіз қабыл болсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: