Қазақстанда түркі стиліндегі жаңа қала пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сырдарияның сол жағалауындағы жаңа қаланың бас жоспары Қызылордада өтіп жатқан "Байқоңыр" VI Инвестициялық форумында отандық және шетелдік инвесторларға таныстырылды.
Жоба авторы - Қазақстан қала құрылысы кеңесінің президенті Любовь Нысанбаеваның айтуынша, қаланың архитектурасы түркі стилінде жасалады.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі жаңа қаланың тұжырымдамасы Бейрут, Бұхар, Ташкент, Йемен мен Тунистің архитектуралық элементтеріне негізделгенін хабарлады. Яғни Таяу Шығыстың классикалық стилінде болады.
Аумақтың 1532 гектары жайлы өмір сүруге арналып жасалады. Туризим, білім беру көп жылға алда болады.
"Сарапшылардың пікірінше, осындай ырғақпен қала халқының саны 2050 жылға қарай 350 мыңға жетіп қалуы мүмкін. Жобаны әзірлеу барысында біз болашақ тұрғындардың жағдайын ойладық. Сонымен қатар, Қызылорданы тарихи орталық ретінде қалдыруға тырыстық", - деді жоба авторы.
Жергілікті биліктің жоспары бойынша, "Жаңа Қызылорданың" алғашқы бөлігі 2025 жылы дайын болады.