Әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеуі Сауд Арабиясының да экономикасына ықпал етті. Қазіргі уақытта елдің экономика министрлігі жаңа мемлекеттік бюджет стандартын әзірлеу үстінде.
Жаңа жоба бойынша 2016 жылы мемлекеттік шығынның 20 пайызы қысқартылмақ. Электр жарығы тарифі көтеріледі, осы арқылы ел қазынасы 100 млрд долларды үнемдей алады.
Сонымен қатар, табиғи газ мен бензин бағасына да өзгерістер енгізіледі. Мемлекеттік мүлікті заңдастыру мен салық түрлері де өсуі мүмкін.