Қазан федералды университеті қазіргі ислам құқығының даму мәселелеріне арналған қыстық мектеп бағдарламасына тыңдаушылар қабылдайтынын хабарлады.
Аталмыш курсты ұйымдастыруға соңғы уақытта әлемдік тәжірибеде ислам экономикалық-құқықтық әдістемесіне деген сұраныстың артуы себеп болған көрінеді.
Заң және өзге де мамандықта, сондай-ақ Ресей ислам университетінде білім алушы студенттер осы курста ресейлік беделді ғалымдар мен шетелдік сарапшылардан дәріс алады.
Бұдан бөлек, діни қызмет біліктілігін арттыруға бағытталған жекелеген курстар да ұйымдастырылады.
Дайындық курсының негізгі бағыттары: мұсылман қоғамының экономкалық құрылымын қалыптастыру; мұсылман қоғамы экономикалық құрылымының құқықтық аспектілерін қалыптастыру; құқықтық аспекті және шетелдік тәжірибе.
Сонымен қатар, мектеп тыңдаушылары ислам экономикасы мен құқығы саласында мамандар даярлау білім бағдарламасының тұсаукесеріне де қатыса алады.
«Ресейдің қазіргі ислам құқығы мен экономикасы» қысқы маусым мектебі шарасы аясында дін қызметкерлеріне арналған экономикалық сауаттылық мектебі ұйымдастыру жоспарланған.