Бас мүфти Мысырда Жоғарғы Кеңестің жаңа ғимаратының ашылуына қатысты (ФОТО)

Бас мүфти Мысырда Жоғарғы Кеңестің жаңа ғимаратының ашылуына қатысты (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Египет Ислам Республикасына жасаған ресми сапары аясында 22 мұсылман мемлекеттері Бас мүфтилерінің қатысуымен құрылған әлемдік пәтуа шығару Жоғарғы Кеңесінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.

Мысыр мүфтиі мәртебелі меймандарға Жоғарғы Кеңестің жұмысымен таныстырып, жоспарларымен бөлісті.

Сапар барысында Ержан қажы Малғажыұлының ұсынысымен қазақстандық теолог-ғалымдар Мысырдағы пәтуа шығару Жоғарғы Кеңесінде тәжірибе алмасу курсынан өтіп, пәтуа беру тәсілдерін үйреніп, білімдерін жетілдіріп қайтатын болды.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: