Иллинойс штатының (АҚШ) орта мектеп оқушылары жергілікті мұсылман студенттері ассоцациясының ұйымдастыруымен өткен акция аясында хиджаб киіп көруге мүмкіндік алды.
Акция барысында өзге дін ұстанатын 17 бойжеткен бастарына орамал тартып, Ислам дінін тереңірек түсінуге тырысқан.
Ассоциация президенті Ясмин Абдалланың айтуынша, «Хиджаб киіп, шақырым жүріп көр!» акциясының оқушылар арасында ұйымдастырылуының маңызды екенін айтады. «Адамның қандай сенімде екенін, оны алға жетелейтін нендей күш екенін білмей жатып, ол адам туралы, оның көзқарасы туралы айту мүлдем мүмкін емес. Аталмыш акция оқушыларды Ислам діні жайлы қалыптасып қалған жағымсыз ойлардан арылуға әсер етеді деп үміттенеміз», – дейді ол.