Алматы: Мешіт қызметкері баспаналы болды

Алматы: Мешіт қызметкері баспаналы болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел – үлесі пәтерге» жобасы аясында Алмалытыдағы «Төле би» мешітінің қызметкеріне баспана табысталды.  

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен Әуезов ауданы «Ақсай» мешіті мен Алмалы ауданы «Төле би» мешіті бірлесіп мұқтаж жанға баспана сыйлады. Жаңа үйге қол жеткізген Сейдуалиев Сабыр «Төле би» мешітінде ұзақ жылдардан бері шаруашылық қызметінде. Бүгінде перзенті қатерлі ісік ауруына шалдығып, тауқымет тартқан отбасына мешіт тарапынан тарту етілген баспана үлкен қуаныш сыйлады. Ұйымдастырушылар мен жанашыр жандарға алғысын жеткізді. Айта кетсек, «Ел үлесі - пәтерге» жобасы бойынша республика бойынша 773-пәтер, ал Алматы қаласы бойынша 23-баспана табысталып отыр. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: