МИССИЯ МҮШЕЛЕРІ МЕККЕДЕГІ ҚАЖЫЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

МИССИЯ МҮШЕЛЕРІ МЕККЕДЕГІ ҚАЖЫЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан қажылық миссиясының мүшелері Мекке қаласында қажыларға қызмет көрсететін компанияларды зиярат етіп, қажылардың жай-күйімен танысты.

Mиссия төрағасы Ершат қажы Оңғар бастаған жұмыс тобы қажылық компаниялары орналасқан қонақ үйлерге келіп, қажылармен жүздесті. Ас мәзірі, азық-түліктің сапасы, қонақ үйдің тазалығы, қажыларға қызмет көрсететін гид және күнделікті айтылатын уағыз-насихат барысы тексерілді. Қажылармен кездесу барысында миссия төрағасы Ершат Ағыбайұлы қажыларға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, қажылық жөнінде насихат айтты. Әсіресе, Мина, Арафат аймағында атқарылатын құлшылық парыздарының маңызына, денсаулық пен қауіпсіздікке тоқталды.

Сондай-ақ қажыларға миссия жұмысы мен оларға қызмет көрсететін фирмалардың жұмыс сапасын жетілдіру бағыттары түсіндірілді. Одан бөлек миссия дәрігерлері ыстықтан қорғану, денсаулық күтімі жайлы кеңестерін айтты. Қазақстан қажылық миссиясының қажылық компанияларын тексеру жұмыстары жалғасады.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: