"ИМАНИ ЖАЗ - 2024" САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

"ИМАНИ ЖАЗ - 2024" САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облысының мешіттерде ҚМДБ бастамасымен «Имани жаз - 2024» жазғы сауат ашу курстары өз жұмысын бастады.

Жазғы діни білім мауысымының ашылу салтанаты облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде өтіп, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев сөз сөйлеп, білім алудың пайдасы жайлы тілге тиек етті. Балдырғандарға жазғы маусымға "қош келдіңдер" дей отыра, батасын берді. 

Мектеп оқушыларының жазғы уақытын тиімді пайдалану, өмірлік іргетасы болатын діни білімді сіңіру мақсатында ұйымдастырылған шарада балалар Құран әліппесі, әдеп, мұсылманның дұғасы, мұсылманның амал-әрекеттері сынды дәрістер оқиды. Жаздық курс қыздар бөлімі және ұлдар бөлімі болып жүргізілуде. Дәрісті балаға діни тәрбие беру бойынша эксперт ұстаздар береді. 

Бас имам «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының маңыздылығына тоқталып, жас жеткіншектердің мешіт қабырғасында діни білім ғана емес, әдеп-тәрбие дәрістері, бала санасын дамытуға арналған түрлі ойындар, имандылық, салт-дәстүр сабақтарына қатысып, жан-жақты дами түсетінін жеткізді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: