ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СЕКТОР ЖЕТЕКШІСІ ТАРАЗ ЖАМАҒАТЫМЕН ДИДАРЛАСТЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СЕКТОР ЖЕТЕКШІСІ ТАРАЗ ЖАМАҒАТЫМЕН ДИДАРЛАСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітіне Шымкент қаласының Әйел-қыздар сектор жетекшісі Балжан Досжанова арнайы сапармен келіп, Тараз шаһараның әйелдер жамағатымен дидарласты. 

Алла үйіне рухани уағыз тыңдауға жиналғандарға білікті маман "Ниеттің маңыздылығы" турасында мардымды насихат айтып, көпшілікке көкірекке түйер түйінді ой айтты. Аят-хадистердің мағынасын аша отырып, түрлі мысалдар келтіріп өтті. Қыз-келіншектер тақырыптқа байланысты сауалдарын қойып, дәйекті жауаптарын алды.

Жиыннан соң Жамбыл облысы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Иманалиева рухани уағызбен сусындаған жамағатпен бірге Құран хатымының дұғасын жасады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: