#Тараз: "КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ" МЕШІТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ ҚҰРАНҒА ТҮСТІ

#Тараз: "КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ" МЕШІТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ ҚҰРАНҒА ТҮСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құран – Алла Тағаланың жер бетіне түсірген ең соңғы кітабы. Бұл кітап адамзат баласының бүкіл дүниелік және ақыреттік мүдделерін толық қамтыған. Кім Құранның әмірлерімен жүрсе екі дүниенің де бақытына жетеді. Осы ұлы кітапты арабшадан оқып, әрбір әріпіне берілетін сауаптарға кенелу әрбір мұсылманның парызы. 

"Кеңесхан қажы" мешітінің қыз-келіншектерге арналған сауат ашу курсында білім алып жатқан 46 шәкірт Құранға түсті. Наурыз айында басталған 3 айлық курста қыз-келіншектер құран оқып, әрбір маһражын дұрыс шығарып, хатымдар сауабына кенелуге қадам басты. Аталған құрметті сәтке орай мешіт ұстазы Зейеп Үсенова мен шәкірттері "Құран" кешін ұйымдастырды. 

Шараны аталған мешіттің имамы Асқар Зәкіржанұлы ашып, Құран оқу жайлы уағыз айтып, қыз-келіншектерге насихатын жеткізді. Құран оқу барысында әдеп таныту, мағынасын түсінуге, әмір аяттарын, тиымдарын жасауға, дәретпен, көркем тәжуидпен оқу жайында насихат айтты.

Сонымен қатар Зейнеп ұстаз Құранға түскендерге тәж тағып, Құран кітаптарын сыйлады. Оқу жылының аяқталуына байланысты ұстаз сөз сөйлеп: "Барлық нәрсе жаңа болады, кейін ескіреді, өмір сүреміз - өлеміз, жамандық жақсылыққа ұласқандай әр нәрсенің уақыты келеді. Дегенмен әрбірін өз орнына қоя білу маңызды. Иманға келіп, намазға жығылып, асыл Құранды оқуға әркет жасау, өз тасын өз орнына қоя болмақ. Мешіт жамағатымен қасиетті болған сияқты, ұстаз шәкірттерімен маңызды," - деп ұстаз, шәкірт және білім алудың маңызы туралы тілге тиек етті. Іс-шара соңынан шай дастарханы жайылып, көпшілік бір-біріне сыйлық жасады.

Ерекше сезімдерге толы өткен шарада барлығы бір-біріне жақсы тілектер айтып, әжелер батасын берді.  

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: