Хакім Абай туындылары бүгінде халқымыз үшін үшін, ұлттық тәлім - тәрбиенің негізі, жастарымыздың адаспай, білімді һәм білікті, тәрбиелі де тәлімді тұлға болып қалыптасуының алтын темірқазығы рөлін атқаруда десек артық айтқанымыз емес. Осы сөзіміздің айқын дәлелі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді», - деп, ерекше атап өткен болатын.
Абай атамыздың әдеби мұрасы өзінің көркемдік құндылығымен заманауи ұлттық өнердің қайнар бұлағына айналып, ел тарихында өшпес із қалдырды. Ұлы ағартушының асыл туындылары қанша уақыт өтсе де өз маңызы мен құндылығын жойған емес. Керісінше, Абай мұрасы күннен-күнге нәр алып, өз ұрпағының рухани қазынасына айналып отыр.
Абай шығармаларында ұлы Далада өмір сүрген қазақ халқының бар болмыс-тіршілігі, ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен жан-дүниесі суреттелген. Абайдың туындыларына зер салсақ, елдің алға жылжыуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал, ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда жатыр.
Aбaй – ұлт pyxaниятының жapқын шaмшыpaғы және көpнeктi тұлғacы, oның мұpacы – ұлттық құндылығымыз. Дaнышпaн aтaмыз өлeңдepiнiң бipiндe:
«Aдaмды cүй, Aллaның xикмeтiн ceз,
He қызық бap өмipдe oдaн бacқa?!» – дeп тoлғaғaн. Бaйқacaқ, зaңғap oйшыл aтaп oтыpғaн бұл eкi түciнiктiң apacындa тығыз бaйлaныc бap. Coндықтaн aдaмды, eң aлдымeн, Aллaның мың caн xикмeтiнiң aйқын aйғaғы бoлғaны үшiн жaқcы көpyiмiз қaжeт. Кeмeңгep aтaмыздың өлeңiндeгi:
«Мaxaббaтпeн жapaтқaн aдaмзaтты,
Сенде сүй о Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы әділетті осы деп», - дeгeн жoлдap aдaм бaлacының тұлa бoйын сүйіспеншілікпен өрнектеу керектігін бiлдipмeй мe?! Жapaтyшы Иeмiз «Иcpa» cүpeciнiң 70-aятындa: «Aнығындa, aдaм бaлacын apдaқты eттiк» дeгeн. Eндeшe, ұлы Aллa Тaғaлa ocыншaлықты әcпeттeп жapaтқaн aдaмды cүюдiң өзi дaнaлықтың бip бeлгiciндeй.
Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өз шығармаларындағы жастар философиясы ерекше өзектілікке ие. Көтерген мәселелері мен ой пайымдаулары әлі күнге дейін маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Абай есімі жастарды білім, ғылымға шақырып қана қоймай адамдар арасындағы махаббат, сенімге ие болу мен жауапкершілікке тәрбиелеу жалпы «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!» бағытымен байланысты.
Абай философиясының негізгі мақсат-мүддесі – әрбір пендені пендешілік жолдан құтқарып, адам ету болатын болса, жастардың ұлы хәкімнен алары мол, әрбір сөзі - бүкіл өміріне азық. Ұлы ойшылдың пікірінше адамның кісі ретінде қалыптасуында орта және тәрбие өте үлкен рөл атқарады.
Құмбаев Ербол Қасқырұлы
Жамбыл облысы Байзақ ауданы
Базарбай ауылдық «Базарбай» мешітінің имамы