Шымкент әкімдігі Жаңа жылға бөлінген 80 млн теңгені қайырымдылыққа жұмсайтын болды

Шымкент әкімдігі Жаңа жылға бөлінген 80 млн теңгені қайырымдылыққа жұмсайтын болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шымкентте биыл жаңа жылдық безендіруге қаржы бөлінбейді деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Шаһар басшысы Ғ.Əбдірахымовтың ұсынысымен бұдан бұрын жаңа жылдық безендіруге бөлінген 80 миллион теңгенің жұмсалу мақсаты маслихатта қайта қаралды. Аталған қаржы енді 5500-ге жуық жетім жəне əлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына бір реттік көмек көрсетуге бағытталатын болды. Осылайша, жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік аз қамтылатын балалар қысқы киім-кешектермен қамтамасыз етілмек.

Естеріңізге салайық, бұған дейін жергілікті билік өкілдері қаланы жаңажылдық безендіру үшін 80 миллион теңге жұмсамақ болған еді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: