Тәж-Махалдың бұрын индустардың ғибадатханасы болғаны рас па?

Тәж-Махалдың бұрын индустардың ғибадатханасы болғаны рас па?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемнің жеті кереметінің бірі, әйгілі Тәж-Махал кесенесі әу баста индустардың сыйынатын құдайы Шиваға арналып салынған ғибадатхана болыпты-мыс. Тек уақыт өте келе мұсылмандар оны өздеріне меншіктеп алған.

Осылай деп мәлімдеме жасаған Агра қаласының алты заңгері былтырғы жылы Тәж-Махал кесенесін индустар храмы деп жариялауды талап етіп, сотқа арыз берген болатын. Сот олардың талаптарын негізсіз деп тауып, Тәж-Махал кесенесін мұсылман әміршісі Шах Джаханның салдырғаны тарихи ақиқат екенін мәлімдеді.

Үндістанның мәдениет министрі Махеш Шарманың айтуынша, кесенеге жүргізілген зерттеулер барысында Тәж-Махалдың индустар ғибадатханасы ретінде пайдаланылғанын дәлелдейтін ешбір айғақ табылмаған.

Айта кетейік, Тәж-Махал кесенесін XVII ғасырда өмір сүрген мұсылман әміршісі Шах Джахан өзінің 14-ші сәбиіне босанар кезінде көз жұмған Мумтаз есімді әйеліне арнап салдырған.  Кейін сүйікті әйелінің қасына Шах Джаханның мүрдесі қойылған.

1983-жылы ЮНЕСКО-ның әлемдік жәдігерлер тізіміне енген Тәж-Махал кесенесін көруге күн сайын мыңдаған адам келеді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: