#Байзақ: «ПӘТУА БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

#Байзақ: «ПӘТУА БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай ауылы «Естай баба» мешітінде «Пәтуа берудің маңыздылығы» атты II аймақ имамдарына пәтуа сағаты өтті. Арнайы шараға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және аймаққа қарасты ауыл имам-молдалар қатысты.

         Қанат Әділханұлы: «Әрбір ауданда бөлімге қарасты, пәтуаға жауапты имамдар бар. Міне, бұл  имамдарымызға адамдармен дұрыс мәміле жасауды, сұрақ қоюдың әдебі мен жауап берудің әдебін, жетік жауап беруді үйретіп жатырмыз. Мақсатымыз – Байзақ ауданында әр мәселеге байланысты сұрақ қанша болса да, жауаптың бірізді іске асыру. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биылғы жылды «Ислам және дәстүр құңдылықтары» жылы деп жариялағанын білесіздер. Баршамызға белгілі, елімізде 35 пайыз отбасы ажырасып жатыр. Осының алдын алу мақсатында ҚМДБ-ның күретамыры болған Пәтуа бөлімінің бағыт-бағдар беруімен отбасы құндылықтарының сақталуы, отбасына байланысты сұрақтардың жауабының дұрыстығы мен бірізділігін қалыптастыру, азаматтардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы семинар ұйымдастырып отырмыз», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: