ХАЛАЛ САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ХАЛАЛ САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазан қаласында ұйымдастырылған «KazanForum» XV халықаралық экономикалық форумы аясында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы халал стандарттау және сертификаттау саласындағы шет елдік әріптестермен кездесу өткізді.

Жиынға Ислам елдері үшін стандарттау және метрология институтының (SMIIC) директоры Ихсан Овют, Татарстандық халал стандарттау комитетінің төрағасы Аббяс Фатихович, Қырғызстандағы экономика және коммерция министрлігі жанынан құрылған «Халалды дамыту орталығының» директоры Алмаз Үсәнгулуулу қатысты. Кездесу барысында өзара әріптестікті нығайту, тәжірибе алмасу, сертификаттау саласына ортақ жоспарларды қарастыру мәселелері қозғалды.

«Мұсылман елдері үшін халал стандарттау және сертификаттау саласындағы әріптестік – халал нарығын дамытудың негізгі қадамдарының бірі. Халал саласындағы ортақ мәселерді шешуде бірлесе жұмыс жасап, өз тәжірибемізбен бөлісуге, кәсіби қолдау көрсетуге әрдайым дайынбыз», – деген Айбек Асқарбекұлы әріптестерге ризашылығын білдіріп, осы жылы Жамбыл облысында өткізілетін «HALAL EXPO 2024» көрмесіне шақырды.

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: