Малайзия шариғат Жоғарғы сотын құруды ұсынып отыр

Малайзия шариғат Жоғарғы сотын құруды ұсынып отыр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Малайзияның Паханг штатының басшысы Сұлтан Абдулла шариғат бойынша Жоғарғы сот құру қажеттігін мәлімдеді. Ол мұндай ұсынысын Ислам әлеміндегі заманауи білім беру жөніндегі халықаралық конференцияның жабылуында айтты, деп хабарлайды Malay Mail. Сұлтанның пікірінше, мемлекетте мұндай органның құрылуы азаматтық қатынастарға қатысты заңдарды Исламға сәйкес келтіруге көмектесуі мүмкін. Абдулла қазіргі уақытта шариғат сот жүйесі үш деңгейден тұратынын атап өтті: төменгі сатыдағы шариғат соты, жоғары сот және шариғат апелляциялық соты. Сондай-ақ ол ислам заңдары Пахангтың 12-сұлтаны билік құрған уақыттан бері елде қолданылып келе жатқанын және олардың үнемі жетілдіріліп жатқанын баса айтты.

Ислам әлеміндегі заманауи білім беруге арналған конференция 5-7 мамыр аралығында өтті. Оған Индонезия, Бразилия, Сирия, Үндістан, Ливия, Тунис, Канада, Сауд Арабиясы сияқты 22 елдің сарапшылары қатысты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: