Бұл қандай күнә дейсіз бе? Бұл – нәпсінің айдауымен жүру. Аталмыш дертке шалдыққан адам нәпсісі разы болсын деп, оның айтқанымен жүріп, айдауына көнетін жан. Егер адам бұл дерттен арылғысы келсе, Алла Тағаланың Құранда былай айтқанын есінде ұстасын: «Ал енді кім, Раббыны; алдына тұрудан қорқып, нәпсісі соққан нәрседен тежеген болса, Негізінде оның барар жері Жұмақ» (79:40-41)
«...Расында нәпсі жамандыққа бұйырады...» (12:53). Нәпсі құмарлығымен күресудегі қиындыққа қатысты Мудар әл-Кари: «Нәпсіге бекіп қалған құмарлықтан арылғаннан гөрі, таудан тырнақпен жол қазған анағұрлым жеңіл», - деп айтқан.
Әбу Бәкір ад-Дукки былай айтқан: «Қаншама разы, көңілді адамдар бар, алайда олардың шаттықтары олар үшін тек бақытсыздық болып табылады. Қаншама уайымға салынған қам-көңіл адамдар бар, алайда олардың уайымы олар үшін тек құтылу болып табылады».