#Т.РЫСҚҰЛОВ: ИМАМДАРҒА УАҚЫП ҚОРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ИМАМДАРҒА УАҚЫП ҚОРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы ауыл мешіттерінің имам-молдаларын жинады. Жиында Жамбыл облыстық орталық мешіттің наиб имамы Есет Таласбаев Уақып қорын жан-жақты насихаттады.

Уақып қорына қызмет қылған сахабалардың өмірінен: Хазіреті Омардың (Алла оған разы болсын) өз меншігіндегі жерін уақып қылуын Ислам ғұламалары «Ислам тарихындағы ең алғашқы уақып» деп санаған. Өйткені хазіреті Омар (Алла оған разы болсын) Хайбардағы жерін уақып еткеннен кейін көптеген сахабалар өздерінің мал-мүліктерін, бау-бақшаларын уақыпқа қоя бастаған. Тіпті Жәбір (Алла оған разы болсын) есімді сахаба: «Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларының ішінде мал-мүлкін уақып қылмаған ешкім болмаған», – деп айтқан.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: