#Қордай: «Отан қорғаушылар күніне» ашық сабақ болып өтті

#Қордай: «Отан қорғаушылар күніне» ашық сабақ болып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Қордай ауданы «Рахман» мешітінің ұстазы Дүзелбаева Айгүлдің ұйымдастыруымен «Отан қорғаушылар күніне» ашық сабақ өтті. Ашық сабақта отанды сүю маңыздылығы, әрбір мұсылманда өз отанына деген елжандылық, патриоттық сезім болу керектігі айтылды. Бірде бір сахаба Пайғамбарымыздан (ﷺ): «Я, Расулаллаһ! Ең абзал амал не?»-деп сұрағанда, Алла елшісі (ﷺ): «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру бір ай нәпіл ораза ұстап, түнде намаз оқудан қайырлы», - депті.

Тағы бір хадисте Алланың елшісі ﷺ: «Екі көзі тозақ оты шарпымайды: Алладан қорқыныштан жылаған көз, Алла жолында елін күзеткен көз», – деген. Демек бұл хадистерден Отаныңды, яғни тарихи мекеніңді сыртқы дұшпаннан қорғаудың қаншалықты сауап екендігін түсінсек болады.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: