#Байзақ: БАС ИМАМ ЖАСТАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ

#Байзақ: БАС ИМАМ ЖАСТАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл Көкөзек ауылдық «Жантай ата» мешітінің жастарына насихат айтты.

Насихат барысында Қанат Әділханұлы: «Адамның бәрі ғалым болуы мүмкін емес. Дегенмен, Құран сөзімен айтқанда, білмеген мәселеде: «Егер білмесеңдер, білетіндерден сұраңдар», – деген аятты басшылыққа алуымыз керек («Әнбия» сүресі, 7-аят). Аллаға құлшылық ету, қоршаған ортамен үйлесіп, шариғат бойынша өмір сүру үшін мұсылманға діни әрі зайырлы білімді қатар алып жүру – заман талабы. Жейтін асымыз халал болуы үшін мал және диқаншылықпен айналысу қажет. Өндіріліп жатқан өнімге харам қоспа қосылып кетпеуі үшін технолог, биолог және химик маман болу, науқасты емдеу үшін білікті дәрігер болу керек. Ол үшін мұсылманға оқу керек», - деп «Білім алудың манызы» тақырыбында насихат айтты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: