Қазан қаласында желтоқсан айының 12-13-жұлдызында ауқымды Кітап фестивалінде татар елінің астанасына алты тоннадан артық кітап келеді деп күтілуде. Фестиваль барысында қала сөрелерінде кездеспейтін сирек кітаптарды сатылымға шығарылады.
Фестиваль ұйымдастырушылары биылғы жылы сәулет өнері театр мәдениетіне, фотография мен кинематография, сән мен дизайн салаларына баса мән берген көрінеді. Кітапсүйер қауымға бұл күндері түрлі дәуірлерден сыр шертетін жәдігерлер мен көне кітаптар, энциклопедиялар мен қазіргі заманғы зерттеулер ұсынылатын болады.