Катарда Рамазан айы қарсаңында жуырда ғана аяқталған елдегі алғашқы әйелдер мешіті ашылды. «Әл-Муджәдила» мешітін тек әйелдер зиярат еткенімен оның имамы ер адам – Кувейт шейх Фахад әл-Кандари. Шариғат талап еткендей имамдық міндетте ер кісі, ал діни ғимараттың барлық білім беру және басқа да діни іс-шараларын әйелдер өздері атқарады.
Мешітте Құран курстары, рухани рефлексия сессиялары, жамағатпен ғибадат, әйелдер жиналысы және т.б. өтеді, деп хабарлайды IslamNews New Arab басылымына сілтеме жасап.
«Әл-Муджадила» мешіті Катар әмірінің анасы Шейха Музенің бастамасы. Ол көп жылдар бойы әйелдерге арналған осындай кеңістік құруды ойлап, ақыры оның арманы орындалды. Мұсылман әйелдері әрқашан қоғамдық, діни өмірде және білім беруде маңызды рөл атқарған. Ислам тарихынан Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) жұбайы Айша анамыз Ислам ғылымдарының алғашқы ұстаздарының бірі болғанын, оны әйелдерге де, ер адамдарға да білім үйреткенін білеміз.
asyldin.kz