Біріккен Араб Әмірліктерінен б.д. 1 ғасырына жататын алтын теңгелер табылды

Біріккен Араб Әмірліктерінен б.д. 1 ғасырына жататын алтын теңгелер табылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) екі мың жылдан астам уақыт өткен алтын теңгелер мен мүсіндер табылды. Археологтар Умм әл-Кувейн әмірлігінің Тель-Абрак қаласында қазба жұмыстары кезінде бірегей жаңалық ашты, деп хабарлайды EcoTourismEXPERT ресурсы. Сарапшылардың бағалауынша, римдік валютаға ұқсас монеталар біздің заманымыздың 1 ғасырында қолданыста болған.

 Умм әл-Кувейндегі итальяндық археологиялық миссияның басшысы Микеледелли Эспости айтқандай, «бұл ақша Рим империясында, дәлірек айтқанда Лионда соғылған монеталарға ұқсас». Сонымен қатар, құм мен мәдени қабаттың қалыңдығынан екі тас мүсін мен арамей тілінде жазуы бар тақтайша табылды.

 Ғалымдар Тел Абракта бірнеше жылдан бері қазба жұмыстарын жүргізіп келеді, ежелгі ескерткіштерге қарағанда, ол біздің дәуірімізге дейінгі 2500 жылдар аралығына тесілі. Бұл аймақтың тарихы неолит дәуірінен басталады. Қазіргі уақытта әмірлік билігі жаңа археологиялық мұражай ашуға дайындалып жатыр. Мұнда неолит дәуірінен исламға дейінгі кезеңді қамтып, Умм әл-Кувейннің барлық тарихи, бірегей және түпнұсқалық жәдігерлер жинағы қойылады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: