Өзбекстанда орналасқан ірі кәсіпорындардың бірі – «Arden Foods» кондитерлік зауыты «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды.
ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Айбек Асқарбекұлы мен бас сарапшы-технолог Жанар Мұратқызы, технолог Аружан Аралбайдың көршілес елге іссапары барысында «Arden Foods» кәсіпорнында аудит жүргізіліп, өндіріс барысы қадағаланды.
«Arden Foods» кондитерлік зауытында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, дайын өнімдері лабораториялық сынақтан өткізілді. Бірнеше этапты сертификаттау шараларының оң нәтижесінен кейін, өндірістің халал талаптарына толықтай сай екені анықталды. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне оқу-семинар өткізілді», – деп хабарлайды «Халал Даму» маманы.