Әлемдегі Хақ сенімі кең таралған елдің бірі – Индонезияда дін төңірегіндегі керітартпа көзқарастарды сейілтудің тың әдісін ұсынды. «Нахдлатул улама» жастар қанаты әлемге әлеуметтік желі арқылы Хақ діннің шынайы келбетін көрсетуді мақсат тұтты. Блогер жастар исламдағы мейірімділік пен төзімділік қасиеттерді интернет кеңістігінде таратумен айналысады. Ұйымның ресми сайт редакторы Савик Әли жастарды әлеуметтік БАҚ беттерінде қайырлы діннің қадір-қасиетін насихаттауға шақырды. «Сіздердің әрбіріңіз ұдайы дінді қалай ұстанатыныңызды, Құран оқитыныңызды көпшілікпен бөлісіп тұрсаңыздар. Мейірімділік дініне аптасына бір рет болса да жылы сөзіңізді арнаңыздар. Осылайша біз Исламның шынайы келбетін көрсете аламыз» дейді редактор. Бұл бастама Индонезия билігі тарапын да бей-жай қалдырған жоқ. Мәнді жобаға ел президенті Джоко Видодо қолдау білдіріп, жас мұсылмандарды төзімділік пен тағаттылықты ұстана білуге, сабырлы болуға, бейбіт дінді бейбіт үнмен насихаттауға үндеді.
- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 3230
Ислам шуағы интернет кеңістігіне таралады
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.