Әлемдегі ең алғашқы ұшқыш мұсылман екенін білесіз бе?

Әлемдегі ең алғашқы ұшқыш мұсылман екенін білесіз бе?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемдегі ең алғашқы ұшу құрылғысы ХХ ғасырдың басында пайда бола бастаған ауа шарларынан да әлдеқайда бұрын жасалғанын бірі білсе, бірі білмес. Сондықтан Осман империясы заманында өмір сүрген стамбулдық Хезарфен Ахмет Челеби есімді мұсылман шеберінің құрастырмалы қанаттары арқылы Босфор бұғазын ұшып өткенін жайлы айтпақпыз.

Қыран қанаттарына ұқсастырылып жасалған ұшу аппаратының мүлтіксіз қызмет жасауы үшін Хезарфен 8-9 жыл уақытын сарп еткен. Сәтсіз аяқталған сандаған тәжірибелердің соңында ол биіктігі 55 метр болатын Галат сарайының төбесінен көк жүзіндегі саяхатын бастайды. Осылайша, екі құрлықты бөліп жатқан Босфор бұғазының үстінен ұшып өтеді.

Ол өзінің «қанаттарымен» 3,5 шақырым ұшып өтіп, аман-есен жерге қонған. Оның бұл самғауын сарайдан тамашалаған Мурад IV сұлтан оған алтын салынған қалта сыйға тартып, марапаттаған. Алайда, сарайдағылардың батыл жігітті көп жақтыра қоймағаны айтылады. Ақыр соңында, олар шебердің Стамбулдан кетуіне түрткі болады.

Алайда, Челебидің ұрпақтары атақты шебердің атын еш өшірмеген. Қазіргі кезде Стамбул шаһарының батыс бөлігінде оның құрметіне әуежай да салынған. Сондай-ақ, жанында орналасқан мешітке де Хезарфен Ахмет Челебидің есімі берілген. Ол жайлы «Менің қанатымның астындағы Стамбул» атты көркем фильм де түсірілген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: