Қазан қаласында 10 желтоқсанда «Миллет аналары» атты мұсылман әйелдеріне арналған форум өтеді.
Аталмыш шараны Бүкіләлемдік татар конгресі, «Ярдем» ұлттық ислами қайырымдылық қоры мен Татарстан республикасы Мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Муслима» қоғамдық әйелдер ұйымы бірлесе ұйымдастырып отыр.
Форумға Татарстан мен Ресейдің өзге де өңірлерінен 200-ге жуық делегат қатысады. Конференция барысында қоғамдағы мұсылман әйелдерінің рөлін дамыту, радикалды ағымдарға, оның ішінде ИШИМ террористік ұйымына қарсы күрес әдістерін жүзеге асыру мәселелері талқыланып, әлеуметтік маңызды жобалардың тұсауы кесіледі деп жоспарланған.