Әлемге әйгілі француз кино жұлдызы Жерар Депардье жаңа кітап шығарып, онда өзінің орыстар мен Ресей президенті Владимир Путинге қатысты қарым-қатынасы жайында әңгімелейді. Бұл туралы Le Figaro хабарлады.
Актер өз кітабында орыстарға жақын болуының сырын ашады. Ол сондай-ақ мысырлық әнші Умм Күлсімнің шығармашылығына тәнті болғаны себепті ислам дінін қабылдағанын да айтады. Өзінің сөзіне сенсек, Депардье екі жылдан бері бес уақыт намаз оқып, мешітке ұдайы барып тұрады екен.


02 Қараша 2026
21 Джумада-авваль 1448

