Мысырдың бұрынғы мүфтиі, доктор Али Жұма мұсылмандарға тарауих намазын оқу үшін қандай да бір жұмыс орнын тастауға болмайтынын баяндады. Бұл жайында ол теледидарда көрсетілген «АллаһуАълам» деген бағдарламада атап кетті.
Оның айтуынша, тарауих намазы бекітілген сүннет, алайда оны оқу үшін жұмыс орнын тастауға болмайды. Тарауих жеке оқылатын намаз, бірақ оны жамағатпен оқу, әрине абзал.