Арағы жоқ ауыл бар

Арағы жоқ ауыл бар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Арақсыз ауыл! Иә, Солтүстік Қазақстан облысы Теңдік елді мекенінің тұрғындары 12 жылдан бері ішімдік ішіп көрмепті. Той-томалақтары қымызбен өтетін ауыл туралы жағымды жаңалықты КТК телеарнасы жеткізді.

Бұл ауылдың дүкен сөрелерінен алкогольдің жоғалғанына да талай жыл болған. Содан бері ауылда ұрлық-қарлық, қылмыс деген атымен жоқ.

-Арақ ішпейміз, тойда шаймен ішеміз, жазда кымызбен ішеміз.

Облыс орталығынан шалғай жатқан Теңдік ауылында жүз шақты түтін бар. Жастар жағы жергілікті шаруа қожалығында жұмыс істейді. Ауылдағы айналдырған екі дүкенге арақ атаулының түспегеніне10 жылдан асыпты.

Анар Амангелдіқызы , сатушы:

-Осы Теңдікте 2006 жылдан бері тұрамын. Он жылдай, бірде бір рет  арақ сатылғанын көрген  емеспін. Өзім осы дүкенде екі жыл істеймін.

-Мына мешіт Теңдік ауылында 2003 жылы бой көтеріпті. Оның ашылу салтанатында  қариялар ауылдықтарға арақты мүлде қою туралы үндеу тастаған. Содан бергі өткен 12 жылда тұрғындардың бірде бірі харам суды ауыздарына алып көрмепті.

Арақ-шарап ішпейтін ауылда ірі қылмыс атаулы мүлдем тіркелмейді. Майда -шүйде түсінбеушілікті қариялар  сырттан ешкімді араластырмай өздері шешеді екен.  

Рүстем Жұмағұлов, СҚО Теңдік ауылдық аймағының әкімі:

-Бізде осы Теңдік ауылында ұсақ-түйек қылмыстар болады. Отбасына байланысты, ұрыстар. Оны біз ақсақалдар төрағасымен,  ауылдың әкімімімен  бірлесіп отырып шешеміз, медиацияға сәйкес.

Үш рет Меккеге барып келген Орынбай ақсақал 90-шы жылдары Теңдіктің дүние -мүлкін шашпай сақтап қалған. Нәтижесінде қазір тұрғындардың бәрі жұмыспен қамтылып отыр. Екі ұлын да арақсыз үйлендірдім дейді.

Орынбай  қажы Әлжанов, Теңдік ауылының тұрғыны:

-Біз осында арақ мәселесін қойдық. Осы арақсыз өмір сүре аламыз ба деп,  өмір сүреді екенбіз. Бір ай шыдадық. Содан кейін бір жыл шыдадық. Содан міне осы уақытқа дейін шыдап келе жатырмыз.

Қазір Қызылжар өңірінде екі елді мекен тұрғындары арақты мүлдем қойған екен. Оның бірі Мәдениет ауылы, екіншісі осы Теңдіктің жұртшылығы.  

ummet.kz-ақпарат 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: