Рим папасы Франциск Орталық Африка Республикасына барған сапарында жергілікті мешітті зиярат етіп, мұсылмандармен кездесті.
«Құдай деген бейбітшілік. Кімде-кім Құдайға сенсе бейбіт өмір сүруді мақсат тұту керек» деді Рим папасы.
Атап кетсек, соңғы екі жылда елдегі мұсылмандар мен христиандар арасында бірнеше қақтығыстар орнап, салдарынан 4,8 мың адам қаза тапқан еді. Осындай қақтығыстардың алдын алып, екі дін өкілдерінің арасын татуластыру үшін Рим папасы бұл жолғы сапарында Орталық Африка Республикасына барған болатын.
Кездесу соңында Рим папасы аталмыш қақтығыстардан көз жұмғандар үшін дұға оқып, жергілікті мұсылман және христиан діндерінің жетекшілеріне дінаралық татулықты орнатуға жасап жатқан жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.