Айя-София мешітін би алаңына айналдырмақ болған

Айя-София мешітін би алаңына айналдырмақ болған

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ыстамбұл шаһарындағы атақты Айя-София мешітін өткен ғасырдың 20-жылдарында би залына айналдырмақ болған көрінеді. Арам пиғылды жандар ғимараттың ауқымдылығын айтып, джаз клуб пен би залына таптырмас орын деп санайтындарын жеткізген.

Бұл жайында архивте жатқан құжаттарды жариялай отырып, «ХаберТюрк» газеті хабарлады. Аталмыш деректер 1929-жылы беделді кәсіпкерлердің қолдауына сүйенген Американдық джаз оркестрлерінің Одағының Ыстамбұл билігіне осындай өтініш жасағанын растайды.

Олар Айя-Софияның құлшылық жасайтын жандар үшін тым кең екенін айтып, ғимараттың би алаңы мен джаз клуб жасауға тым қолайлы екенін алға тартқан. Өз дегендеріне жету үшін олар, тіпті, АҚШ-ның Ыстамбұлдағы Елшігінің де есігін қаққан көрінеді.

Сондай-ақ, олар Иылдыз сұлтан сарайының Осман империясы құлағаннан кейін казино болып қайта ашылғанын тілге тиек етіп, алдаусыратпақ болған. Дегенмен, бұл ғимарат жергілікті мұсылмандардың қысымымен 1927-жылы жабылып тынған болатын.

Алайда, өз тараптарынан «Түркияның ең ірі қаласына әлемдегі ең үлкен джаз оркестрі мен үздік саксофоншылар әкелуді» мойнына алған музыканттардың уәдесі де, ұсынысы да Түркия билігіне титтей де айныта алмаған. Олар арам пиғылды ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартқан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: