Мысыр пәтуа шығару басқармасы ұялы телефон арқылы некелесуді зинақорлықпен теңестірген пәтуа шығарды, деп хабарлайды «Sahafaharabiah.net».
«Мұсылмандардың некелесуі қыз бен жігіт жақтың жақындарының қатысуымен шариғат шарттармен ғана жүзеге асады. Бұл шарт қыз бен жігіттің некеге келісімдерін көпшіліктің алдында айтуы мен мәһрдың құнын белгілеу арқылы жүзеге асады.
Егер мұндай шарттар орындалмайтын болса, ол неке дұрыс болып саналмайды» делінген пәтуа мазмұнында.