Шәууәл айының оразасы неге 6 күннен тұрады?

Шәууәл айының оразасы неге 6 күннен тұрады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хадистердің бірінде былай келтірілген: «Алла Тағала жақсылықтың сауабын он есеге арттырған, сол себепті бір ай он айдай, ал алты күндік ораза – бір жылдың аяқталуындай». Ал басқа бір хадисте былай айтылған: «Рамазан айындағы ораза он еселеніп есепке алынады, ал алты күндік ораза екі айдай, бәрін қосқанда бір жылдық ораза».

Ендеше, он еселенген Рамазан айындағы отыз күн ораза үш жүз күнге тең. Шәууәл айындағы алты күндік оразаны онға көбейтсек алпыс күнге тең. Демек, бұл күндердің жалпы саны үш жүз алпыс күнге тең, ал қалған бес күнде ораза ұсталынбайды (бұл жерде Ораза айттың бірінші күні мен Құрбан айттың төрт күні айтылып тұр. Естеріңізге сала кетсек, мұсылман елдерінде құрбан айт төрт-бес күн). Міне, сол себепті, кімде-кім Шәууәл айының алты күн оразасын ұстаса, сол бір жыл ораза ұстағандай болады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: