Ислам елдерінің белгілі журналистері Мәскеуде ИШИМ және өзге де террористік топтарға қарсы күрес жүргізу мәселелерін талқылайды.
«Мұсылман елдері журналистері экстремизмге қарсы» тақырыбындағы халықаралық форум 8-9 желтоқсан күндері астаналық «Волынское» конгресс-паркінде өткізіледі.
Аталмыш шараны «Ресей – Ислам әлемі» стратегиялық тобы ұйымдастырады. Форумға экстремизммен күрес бағытындағы ақпараттық саясатты үйлестіру мақсатында 17 мұсылман елдерінің, атап айтқанда, Иран, Кувейт, Египет, Сауд Арабиясы, Түркия, Алжир, Марокко республикаларының БАҚ өкілдері шақырылып отыр.


27 Маусым 2026
11 Мухаррам 1448

