Иудейлер мұсылмандарға құлшылық үйін берді

Иудейлер мұсылмандарға құлшылық үйін берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Канаданың Питербор қаласы мұсылмандарына енді намаз өткізуге синагогадан орын берілетін болды.

Оңшыл террористердің шабуылына ұшыраған мешіт жамағатын жергілікті иудейлер өз ғибадатханаларында құлшылық етуге шақырды. Полиция мешітті өртеу ісін нәсілшілдік, діншілдік жек көру себебінен туындаған деп, бұл бұзақылықты қылмысқа теңестірді, деп жазады cbc.ca.

«Біз барлығымыз бір болуымыз керек. Мәселе, дінімізде, ұлтымызда болмауы керек. Біз бәріміз – канадалықпыз» дейді Beth Israel синагогасының президенті Ларри Гиллман өз сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, «Әл-Сәлам» мешітіне 14 қараша күні әлдебіреулердің қасақана өрт қойған. Тез тұтанғыш заттарды олар терезе арқылы лақтырған. Келтірілген шығын көлемі 80 мың долларға бағаланып отыр.

Қазіргі кезде синагогада жергілікті мұсылман жамағатына арналған екі рет құлшылық рәсімі өткізілді, сондай-ақ кешкі ас ұйымдастырылды.

«Kawartha» мұсылмандар діни бірлестігінің төрағасы Кенза Абдулла мұндай достық қатынасты күтпегенін айтады. «Алғашында қайран қалдым. Олар өрт болысымен бірден бізге келіп, барлық көмекті жасауға әзір екендіктерін жеткізді» дейді Абдулла. 

ummet.kz-ақпарат

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: