Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Дәурен Куттыбаевтың ұйымдастырумен сауаптар еселенетін рамазан айында мұқтаж болған жандарға қайырымдылық жасалып, 70 отбасыға 150 000 қаржыны құрайтын шамамен 7-8 кг болатын картоп таратып елдің алғысына бөленді.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ерекше жомарт болатын рамазан айындағы ісін жалғау мұсылман үшін үлкен абырой. Алла баршамыздың ізгі амалдарымызды қабыл етсін.



11 Тамыз 2026
26 Сафар 1448

