Жамбыл ауданына қарасты мешіттер қадір түнін жамағатпен қарсы алып, намаз, дұға-тілектер жасап, құлшылықпен өткізді. Әуелі тарауық намазынан кейін, бірнеше мешітте, хатымның дұғасы жасалды. Дұғада дініміз, еліміз бен жеріміз, су тасқыны болып жатқан жерлер мен қиналып жатқан бауырларымыз үшін Алла Тағаладан артының жақсы болуын жамағат болып сұрады.
Аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Дәурен Куттыбаев бастап мешіттердің баршасы қадір түнінің қасиеті мен маңыздылығы туралы уағыз-насихат айтылды. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Әнас бин Маликтен (Алла оған разы болсын): «Рамазан айы кіргенде Алла елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерге мына ай келді. Бұл айда мың айдан артық түн бар. Кімде-кім осы түннің жақсылығынан мақұрым қалса, жақсылық атауынан құр қалғаны. Оның жақсылығынан тек қана нағыз мақұрым адам ғана құр алақан қалады», – деп жамағатқа бұл түнде сауаптардан құр қалмауға имамдар үгіт-насихаттарын жеткізід.
Мешітке келген халыққа 40 парыздан, сенімнен, Пайғамбарымыздың өмірінен және т.б. сұрақтар қойылып, жауап бергендерге сыйлықтар берумен қасиетті түн жалғасын тапты. Алла баршамыздың ізгі амалдарымызды қабыл етсін.