Меркі ауданық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Бауыржан Пирназаров жастарға «Шынайы достық» тақырыбында насихат айтты.
Шара барысында №12 Қ.Сарымолдаев атындағы ЖОББМ мектебінде Бауыржан имам: «Адамдардың арасындағы қарым-қатынастың іргетасы-адалдық, өзің адал болмай, өзгеден адалдықты күту бекершілік, достықта да адалдық болмаса, ол мәңгілікке ұласа алмайды және дос-адам жанының айнасы тәрізді, себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді» - деп , жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, уағыз – насихатын айтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі.