Рамазан – жақсылықтың сауабы еселеніп жазылатын ай. Рамазан айында мүмін-мұсылманның қапы қалмауы керек ісінің бірі – садақа. Өйткені садақа екі дүниеде де пайдасы мол сауапты іс, ал Рамазан айында оның сауабы, өзге айларға қарағанда еселене түспек. Хадис ғалымы Имам Тирмизи (рахимаһуллаһ) өзінің хадистер жинағында мынадай бір хадис келтірген. Әнәс ибн Мәліктен жеткен бұл хадисте Алла елшісі ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын ) былай деп айтады:
«Садақаның абзалы – Рамазан айында берілген садақа». Осыған байланысты, Аудандық «Қордай» мешітінде «Рамазан» қоржыны деп аталатын қайырымдылық науқаны жағдайы төмен, көпбалалы 100 отбасыға көмек ретінде азық-түліктей таратылды. Отбасылар тізім бойынша шақыртылып, кезек-кезек көмек алды. Көмек көрсетілген жағдайы төмен отбасылар алғыстарын айтып, ыстық ықыластырын білдірді. Аудан бас имамы Алмұханбетаранжан Егізбаев мұндай игі істер әлі алда талай болатынын айтып жеткізді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі