Зекет сөзінің тілдік мағынасы «тазару», «өсу», «көбею». Яғни арнайы адамдарға берілетін міндетті садақа. Жуалы ауданы, Көлбастау ауылдық "Құлый баба" мешітінде Жарас есімді азамат демеушілік арқылы әл-ауқаты төмен отбасыға бір қойды зекет ретінде табыстады.
Ауыл молдасы Бақытжан Айбатбекұлы зекет беруші азаматқа қасиетті Рамазан айының үшінші онкүндігіндегі игі ісіне береке тілеп дұға жасады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.