БҰҰ Париждегі әрекеттен кейін өзге дін өкілдері арасында мұсылмандарға деген теріс көзқарастың қалыптаспауына байланысты кезекті халықаралық отырыс өткізді.
Отырыста БҰҰ адамзат құқын қорғау ісі жөніндегі өкілі Карим Банун өз сөзінде: «Аллаһу Акбар» деген ислам дініндегі ұлы сөзді айтқанның барлығы террорист емес. Себебі, бұл сөздің әрбір мұсылман үшін орны ерекше. Сондықтан, біз өзге дін өкілдеріне осыны айқындап, ақ-қараны ажыратып беруіміз керек және исламофобияның өршуіне жол бермеуіміз қажет» деді.