Индонезияда әйелдерге арналған ерекше такси қызметі пайда болды. Мотоцикл такси қызметі үлкен қалалардағы тұралататын көлік кептелісінен құтылудың тиімді жолы болып отыр.
Енді мұсылман қыз-келіншектері бейтаныс адамдармен бейсауат сөйлесуден де алшақ болады. Әсіресе, зорлық-зомбылық қаупі болмайды. Евилита Андриани есімді астаналық азаматша үйлерге тамақ жеткізумен айналысқан уақытта кездейсоқ жолаушыларды да қайтар жолда көлігіне мінгізген. Осы кездерде жолаушы әйелдердің көпшілігі Шығыс Явадағы Сурабай портты қаласында таксиге мінуге қорқатындықтарын, ер азаматтардың тиісетінін айтып, шағымданған.
Осындай келеңсіз жағдайларды жайып салған қыз-келіншектердің әңгімесінен соң әйелдерге арналған мотоцикл таксиін құру туралы бастама қолға алынған. «Бұл – өте қолайлы. Мұнда біріншіден, әйел адам жүргізуші болғандықтан сізге еш қауіп жоқ. Екіншіден, қоғамдық көлік» дейді Евилита Андриани. Айта кетейік, аталмыш такси қызметінің жүргізушілері – тек әйел адамдары.
ummet.kz-ақпарат