Нобель иегері: Париж терактісі барша дінге қайшы келеді

Нобель иегері: Париж терактісі барша дінге қайшы келеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2011 жылы әлемдік Нобель сыйлығына ие болған йемендік мұсылман қызы Тавакуль Әбдел-Салам Карман Парижде орын алған лаңкестік ислам қағидаларына түбегейлі қайшы келетінін мәлім етті.

«Мен террористік шабуылдың барлығын да айыптаймын. Бұл құбылыстар ислам, христиан, иудей діндеріне де қайшы келеді. Терроризм барлық дінге, адамзат өркениетіне қарсы келеді» деді Йемен жастарының белсенді көшбасшысы Барселонада өткен Нобель лауреаттары саммиті мінберінде.

«Барлық мұсылмандардың, барша араб халқының атынан айтамын: олар (лаңкестер) – бізден емес. Олар біздің мәдениетімізді, біздің әлемімізді, жақсы өмірге деген құлшынысымызды көрсетпейді. Мен мұндай қылмыстарға түбегейлі қарсы тұрамын» дейді Карман.

Тавакуль Әбдел-Саламның айтуынша, бұл мәселеде басты сұрақ – терактілерге кімдер мүдделі екенін анықтау. Сондай-ақ, әрбір лаңкестік әрекеттерде арнайы барлау қызметінің байланысын да жоққа шығаруға болмайды деп санайды ол. «Бұл терактілердің астарында ИШИМ ұйымынан өзге де құпиялар бар. ИШИМ – мұсылман әлемінің жауы. Бірақ, оның арғы жағында беймәлім күштер бар. Айналдырған жыл ішінде аяқ астынан осындай ұйым үлкен территорияны өздері жаулап алуы ақылға сыя ма? Енді Францияға шабуыл жасады. Менің ойымша, әртүрлі барлау қызметтері, халықаралық арнайы қызмет ұйымдары ИШИМ-ді құрал ретінде пайдаланып отыр» деді Нобель иегері.

ummet.kz-ақпарат

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: