Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Сарыкемер ауылында бой көтерген «Ар-Рахман» мешітінде жамағатқа уағыз-насихат айтып, жұма намазын өткізді.
Бас имам насихатында: «Зекет – Ислам дінінің негізгі бес тіректерінің бірі. «Зекет» тілдік тұрғыда: «тазару, өсу, өну, арту және береке» деген мағыналарды білдіреді. Ал шариғатымызда «зекет» нисап көлеміне жететін дәулеті бар мұсылман кісінің Алла разылығы үшін байлығының бір бөлігін жылына бір рет Құранда көрсетілген топтағы адамдарға беруді айтады», - деді.